Сондай-ақ мемлекет басшысы мақалада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарға тоқталды. Соның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.

Сұхбатта жастардың цифрлық білімін арттыру, жаңа мамандар даярлау және инновациялық жобаларды қолдау қажеттігі де аталды. Осы бағытта Павлодардағы IT колледжі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негіздерін оқытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға және жастардың заманауи мамандықтарды меңгеруіне жол ашады.

Әсем Құрманғазина, ақпараттық технологиялар колледжі басшысының орынбасары

Еліміздің дамуы үшін, экономиканың дамуы үшін өте маңызды деп ойлаймын. Біз колледж ретінде бұл бастаманы қолдаймыз және жүзеге асырамыз. 2025 жыл біз үшін маңызды жыл болды. Біз ең үздік айти колледж ретінде танылдық. Ворд скилс сайысында біздің колледж 2 алтын, 2 күміс ұтып алып, Павлодар қаласын республика бойынша екінші орынға шығарды. Жасанда интеллект бұл жай тренд емес, өте маңызды. Біздің студенттер оны қолдайды. Қытай мен Қазақстан арасында колледждер альянсы қол қойылған болатын. Сол сапарға барып келдім. Қытай елінен келдім. Ол жерде бізге жасанды интеллекті бойынша біліктілікті арттыру курсы өткен болатын. Енді соның аясында өзіміздің колледжімізде қосымша курстар өткізетін боламыз.

Бұл бастама цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге және заманауи технологияларды дамытуға бағытталған. Мамандар цифрландыру мен жасанды интеллекттің елімізде экономикалық өсім мен инновациялық жобаларды дамытуға септігін тигізетінін айтады.

Сабина Жолдаспаева