Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірге жұмыс сапары барысында біраз қордаланған сұрақтардың басын ашып, шешу жолдарын ұсынды. Мәселен, өңірдегі СПИД орталықтың жұмысы әрмен қарай қалай жалғастындығы, қаржыландыру мәселесі қалай шешілетіндігі де сөз болған еді. Аймақ басшысы да бұл бағытқа тұрақты қолдау білдіретінін жеткізді.

Павлодар облысында 2000 жылдары ЖИТС жұқтырғандардың жасы 18-30 жас аралығы болса, қазір 30-49 жасты құрап отыр екен. Вич инфекциясын жұқтырған аналардан 500 ге жуық бала дүниеге келді. Аналарынан ауруды жұқтырып алғандар саны – 22 бала. Яғни қазір облыста 15 жасқа дейін 22 бала есепте тұр.

Бақыт Жанахметова, Павлодар облыстық аитв инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары

Қазір облыста 2862 адам вич инфекциясымен өмір сүріп жатыр. Әр жыл сайын 240, 235 адам бұл инфекцияны жұқтырып отыр. Көрсеткіш сол қалпы. Жыл басынан 30 адамда анықталды, өткен жылғы үш аймен салыстырғанда статистика төмендеген. Егер адам антиретровирустық терапияны қабылдаса, науқас сізбен біз сияқты ұзақ өмір сүре алады.

Вич инфекциясы деген бір сөзден адамда үрей туады. Бірақ бұл сіз бен біз ойлағандай қатерлі ауру емес. Яғни инфекция жұқтырып алған адамнан ат тоңды ала қашудың қажеті жоқ. Мамандардың нұсқаулығымен ем дұрыс жасалса, жоғарыда айтқандай адам 20 жылдан аса өмір сүре алады. Бұл жерде қолданылатын терапиялардың маңыздығы жоғары. Олардың біразы жаһандық қорлармен қаржыландырылған еді. Бірақ соңғы жылдары бұл тоқтатылды. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал әлназарова айтты.

Ақмарал Әлназарова , ҚР денсаулық сақтау министрі

Бұл сіздердің өңірдің ғана мәселесі емес, өзге өңірлерде де осындай сұрақ бар. Себебі АҚШ өзінің барлық халықаралық жобаларынан шығып кетті. Туберкулез, Жрви біраз жылдар бойы халықаралық жобалар аясында қаржыландырылған еді. Қазір қандай да бір қаржылық құралдарсыз қалып қойды. Сондықтан жергілікті бюджеттен көмек алуға тура келеді. Бұл сомма сіздерде 12 млн теңгені құрап отыр.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

шынымды айтсам оны білмедім. Біз денсаулық сақтау саласына жергілікті бюджеттен 40 млрд теңге бөліп отырмыз. Сондықтан бұл шешілетін сұрақ.

Айта кетейік, ВИч профилактикасы бағытында кейбір пункттер халықаралық донорлармен қаржыландырылатын. Мәселен, қарапайым түкірік тесттері, ол вич инфекциясын тез анықтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, шетелдік азаматтарды емдеу де халықаралық қор арқылы жүзеге асатын. Бірақ оның бәрі қазір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болды. Ал, үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін гранттарға қаражат керек еді. Ол сұрақ та өңір басшысының қолдауымен шешімін таппақ.

Самал Қалиқызы