«Таза Қазақстан» акциясы аясында №47 келешек мектебінде ауқымды экологиялық шара өтті. Оқушылар, ата аналар, мұғалімдер бірлесіп мектеп аумағын көгалдандырды. Толығырақ тілші сюжетінде.

№47 мектеп жақында ғана есігін айқара ашқан, жаңа білім ошағы. «Дәстүр сабақтастығы: бірге ағаш отығызу» жобасы аясында мектептің оқушылары, ұстаздары мен ата аналары ерекше шараны қолға алды. Үш жақ бірлесіп шырша көшеттерін отырғызды.

Алмагүл Омарова, №47 ЖОББ мектебінің мұғалімі

47 түп шырға көшеті отырғызылды. Бұл шараға ата аналар, оқушылар, мұғалімдер көмек көрсетіп жатыр. Негізгі мақсат – экологияны аялау, бұл шараға барлық оқушыларды қатысуға тағы да шақырамыз.

Бұл мектеп қабырғасымен қоштасқалы тұрған түлектер үшін маңызды. Білім ошағының алғашқы түлектері жауапкершілікті ерекше сезініп отыр.

Айша Жүсіп, №47 ЖОББ мектептің 11-сынып оқушысы

Біз осы мектебіміздің алғашқы түлектері ретінде осы ағаштарды отырғызып жатырмыз. Мүмкін 20 жылдан кейін осы мектепке қайта келгенде осы ағаштар мектепке әсемдік пен көркемдік береді деп ойлаймын. Бұл өте үлкен жауапкершілік. Бұл мектептің болашаының зор екендігіне біз сенімдіміз. Осы акцияны бастап отырғанымызға біз қуаныштымыз.

Түлектермен қатар бірінші сынып оқушылары да экологиялық акцияға белсенді қатысты. Әсіресе бүлдіршіндердің ата аналары ерекше толқыныс үстінде.

Нұрлан Қайроллаұлы, ата-ана

Павлодар қаласының №47 мектебі Президенттің бастамасын іске асыру мақсатында Таза Қазақстан акциясына қатысып отырмыз. Менің балам 1 сынып оқушысы Амир Қайруллин атынан бір түп ағаш отырғызып жатырмыз. Экологиямыз тазара берсін.

Мектеп оқушылары ағашты отырғызып қана қоймай, оны күтіп, суарамыз деп отыр. Осы жасыл желектің саясында әлі талай ұрпақ өсіп, мектептің абыройын асқақтатынына сенім мол.

Самал Қалиқызы