Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырыс өтті. Онда білім беру саласындағы жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде есеп берілді. Сыбайластықты болдырмау үшін қандай әрекет жасап жатқандықтарын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліккке тарту мәселері де қаралды. Алдағы материалымыза толығырақ.

Әуелігі сөзді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары алды. Ол білім саласындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту ісіне баса мән берілгендігін айтты.

Нұргүл Азанбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары

Жыл бойы Басқарманың кадр қызметі Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп Басқарма мен қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері үшін бірнеше рет оқыту семинарларын өткізді, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері, соның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті білім беру басқармасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау бойынша оқыту семинарын өткізді. Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, білім беру басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған.

Білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Фаворит» бағдарламалық жасақтамасы негізінде «Бұлттық бухгалтерия және кадрлық есеп» жобасы іске асырылуда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жас ұрпақты осы кеселге қарсы тәрбиелеу жұмысы да маңызды болып отыр.

Нұргүл Азанбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары

Білім беру бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, ата-аналармен түрлі мәселелер бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қарастыратынын атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында да қалыптасуда, мәселен, облыс мектептерінде «Адал ұрпақ», колледждерде «SANALY URPAQ» клубтары жұмыс істейді.

Ал, Май ауданында бірқатар жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке дүйелі түрде тартылып келеді. Атап айтқанда, 2025-жылдың төртінші тоқсанында екі адам сөгіс алған. Ал, 2026-жылдың бірінші тоқсанында 10 адам тәптіптік жауапкершілікке тартылған. Оның біреуі қатаң сөгіс, төртеуі сөгіс алған. Сондай-ақ, қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайлар да болыпты.

Әділет Сыздықбаев, Май ауданы әкімінің орынбасары

Жиырма алтыншы жылдың 1-тосқанында екі қызметтік тексеру жүргізілді. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөдісінің басшысы Сергазинаға қатысты Көктөбе ауылдық округінің әкімдігінің бас маманы Жамбасованың шағымы негізінде. Дәлелдердің жеткіліксіздігіне байналысты тексеру тоқталды. Көктөбе ауылдық округінің әкімдігінің бас маманы Жамбасоваға қатысты Сергазинаның шағымы негізінде аудандық тәртіптік комиссия Көктөбе ауылдық округінің әкімі Темірғалиновақа аталған тұлғаны сөгіс түріндегі тәртіптік жауапқа тартуды ұсыну туралы шешім қабылдады7

Бұл Май ауданындағы жағдай. Ал, облыс бойынша быиылғы жылдың бірінші тоқсанында 208 тәртіптік жаза қолданылған.