Павлодар облысында Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру басталды. Өңір үшін энергетика саласын дамытуға бағытталған бастамалар ерекше маңызға ие. Аймақта көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жоба әзірленуде. Бұның аясында «таза көмір» технологияларын енгізу көзделген.

Екібастұз көмір бассейнінің энергетикалық қуаттары негізінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Деректерді өңдеу орталықтары алқабын құру үшін Үкіметтік жол картасы бекітілді.Өңір басшысы Асайын Байханов, бүгінгі таңда нақты нәтижеге бағытталған тәсіл қажет екенін атап өтті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Басты міндетіміз алдымызға қойған барлық міндеттерді іске асыру. Бұл жерде айта кететініміз барлық әкімдерден тиянақты жұмыста талап етеміз.Алдығы атқарылатын жұмыстарға барлығымыз белсене ат салысуымыз тиіс.

Жобаны іске асыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. 200 гектар жер учаскесі белгіленді. Жобалау және құрылыс жұмыстары 2026–2028 жылдар аралығында жүргізіледі. Бұған қоса, жиында энергетика саласын дамыту мәселесі де қаралды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бұл ретте президенттің көмірэлектро генерациясын дамыту су энергетикалық ресурстарын картасын авияциялық жабдықтарды дамыту. Авияциялық хаптарды дамыту ынталандыру және жасанды интелект жылы аясындағы жобаларды іске асыру сондай-ақ, екібастұз қаласында деректерді өңдеу орталық алқабын құру жлбасын талқылау үшін жиналдық.

Энергетика саласында Екібастұз МАЭС-2 станциясында қосымша энергоблоктар іске қосылады. Қуаты 660 МегаВатт болатын төрт энергоблок орнату арқылы Екібастұз МАЭС-3 станциясының құрылысы басталады. Ақсу МАЭС станциясы мен «Павлодарэнерго» АҚ-ның Жылу Электр Орталығы-2 орталығы жаңғыртылады. Баламалы энергетика бағытында қуаты 500 және 1000 МВт болатын жел электр станцияларын салу жоспарланған. Нәтижесінде өңірдің жалпы орнатылған қуаты 14 мың МВт-қа дейін артады. Елдің энергетикалық балансындағы үлесі 50 пайыздан асады.

Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Жалпы ішкі өнім 5 пайыздан төмен емес бойыншы көрсеткіштерге назар аудару қажет. Павлодар облысы бойынша жаңа салық кодексі енгізу бойынша бірқатар іс-шаоалар анықталды. Адғашқы нәтижелер экранға шығарылды.Жиі көтерілетінін мәселерде қарап үнемі айтып отыру керек.

Биыл жылы жалпы құны 508,2 млрд теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылады. 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 2026 жылы 379 шақырым автокөлік жолы жөнделеді. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жалғасады. Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық негізгі жобалардың іске асырылуын бақылауға алуды тапсырды.

Дильназ Қуанышбекқызы