Балалар құқығы қорғалды. Прокуратура Успен ауданы Константиновка ауылы тұрғындарының арыз-шағымын қарады. Анықталғандай балабақша меңгерушісі заңға қарсы әрекет жасаған. Тілші әңгімесінде.
Мектеп алды мекеменің тәртіпсіздігі аудан прокурорының жеке қабылдауында белгілі болды. Анықталғандай, балабақшадағы бір топтың нормативтік сыйымдылығы 26 орын бола тұра, мекеме директоры тәрбиеленушілерді қабылдауды негізсіз түрде 20 баламен шектеген. Яғни, бөбектердің конституциялық құқығы бұзылған.
Ерлан Төлеков, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі
Балабақшада топтық нормативтік сыйымдылығы 26 орын бола тұра. Мекеме директоры тәрбиеленушілерді қабылдауды негізсіз түрде 20 баламен шектегені белгілі болды. Нәтижесінде үй саны 200 ден аспайтын ауылдық округте заңсыз түрде 9 баладан тұратын кезек қалыптасқан. Қадағалау актісінің қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар жойылды. Бұрын кезекте тұрған балалар мектепке дейінгі мекемеге қабылданды.
Балабақша директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әйгерім Тоқпанқызы