Ұлттық құрылтайда ел дамуының өзекті бағыттары талқыланды. Жиында ұлттық бірлікті нығайтып, қоғамдық келісімді күшейтуде мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруға қатысты маңызды ұсыныстар айтылды. Әр көтерілген мәселе бұқара арасында қолдау тауып отыр.

Ұлттық құрылтайдың рөлі айрықша. Алқалы отырыста қоғам дамуының жаңа кезеңінде ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады. Бұл алаңда мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары, саяси жүйені жаңғырту және азаматтық бірегейлікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Ғалымдар көтерілген бастамалардың маңызына тоқталды.

Анар Кәрімова, тарих ғылымдарының кандидаты

Құрылтайға байланысты барлық мәселелер қызығушылық танытып отыр. себебі, бұл құрылтайда ары қарай қандай даму жолдары бар. Қандай бағытты таңдаймыз дегендей сондай мәселелер көтеріліп отыр. Әсіересе жаһандару кезеңінде бұл сұрақтың өзектілігін өте жоғары деп білемін. Әсіресе екі парламентті жүйеден бір парламентті жүйеге ауысу. Себебі әлемде 188 парламент қатарынан 107-сі бір Парламентті жүйеде жұмыс жасайды. Сондықтан біздің осындай жүйеге ауысуымыз ол да заманның талабы деп білеміз. Ол бірден, екіншіден, халық кеңесінің құрылуы өте маңызды қадам деп білемін. Себебі, 1995 жылдан Қазақстан Халқы Ассамблеясы қызметін жасады. Бірақ бүгінгі таңда азаматтық бірегейлік тұрғысынан қарайтын болсақ, осы халық кеңесінің жұмысының өзектілігі өте зор.

Президенттің бастамалары халықтың көңілінен шықты. Еліміз жаңа бағытта дамиды.

Әйгерім Тоқпанқызы