Облыстық онкологиялық диспансерде ашық 31 қаңтар күні ашық есік күні өтеді. Бұл шара жатыр мойны обырын алдын алу апталығы аясында болмақ. Дәрігерлер барлық әйелдер қауымын өз денсаулығына бейжай қарамай, профилактикалық тексеруден өтуге шақырады.
Қазіргі таңда онкологиялық диспансерде 14 438 науқас есепте тұр. Оның ішінде шамамен 2 500 адам 2025 жылы жаңадан тіркелген.
Онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісігі — 12,9 пайыз. Екінші орында тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі — 12,7 пайыз, үшінші орында өкпенің қатерлі ісігі — 10 пайыз. Төртінші орында асқазан обыры — 5,6 пайызды құрайды. Ал бүгінгі тақырыпқа арқау болған жатыр мойнының қатерлі ісігі бесінші орында — 4,4 пайыз.
Көрсеткіштер алаңдатарлық. Сондықтан дәрігерлер дер кезінде тексеруден өтудің маңыздылығын тағы да еске салады.
Ернұр Негманов, онколог дәрігері
Әйел адамдардың жатыр мойынының қатерлі ісігіне келетін болсақ, қазіргі таңда 2025 жылығы мәлімет бойынша 1250 науқас тіркелеген,жаңадан 12 науқас қабылданған.Соның ішінде бірінші сатыда 36 науқас екінші сатыда 47 науқас. 3 сатыда 22 және өкіншке орай 4 соңғы сатыда 2 науқас тіркелген.
Мамандардың айтуынша, жатыр мойны қатерлі ісігінің 95–99 пайызының негізгі себебі — адам папилома вирусы. Бұл вирустың 200-ден астам түрі бар. Соның ішінде жатыр мойны обырына алып келетін негізгі 16, 18, 30 және 31ші вирус түрлері.
Ернұр Негманов, онколог дәрігері
Басқада себептері келетін болсақ, пайда болу себептеріне онда созылмалы қабынулар , қатерсіз ісіктер бұлардың ішінде папиломалар тағы басқа ісіктер солар пайда болу және оларды уақытында емдемеу бұл үлкен себеп болады, сол қазіргі таңда жас қыздардың ерте жыныстық қарым қатынасты ерте бастауы ол осындай үлкен рискқа шалдықытыруы мүмкін.Сол сияқты жыныстық қатынаста көптеген партнерлер болса олда осы ауруға әкелуі мүмкін.
Дәрігерлер сондай-ақ темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және психоэмоциялық күйзелістердің де қатерлі ісікке әсер ететінін айтады. Айта кетейік, жатыр мойны обыры бойынша скринингтік бағдарлама 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. 30 бен 74 жас аралығындағы әйелдер төрт жылда бір рет тегін тексеруден өте алады.
Дильназ Қуанышбекқызы