Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілді. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Оның аясында біздің өңірде де бірқатар жобалар қолға алынбақ.

Тұжырымдама президенттің Ұлттық құрылтай аясында берген тапсырмаларына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін күшейтуге және құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды қамтиды. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, балалардың құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында іргелі реформалар мен заңдар қабылданып, іске асырылып жатыр.

Жібек Айтмұхамбетова, Павлодар облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы

2026-2030 жылдарға арналған «қазақстан балалары» тұжырымдамасына сәйкес жоспар құрылған. Тұжырымдама жобасында балалардың құқықтарын қорғау бойынша, барлық бағдарламалар бекітілген. Бұл тұжырымдама 4 бөліктен тұрады. 11 нысанды индикаторлармен 176 іс шараларды қамтиды. Бұдан бөлек тұжырымдама басында балалардың сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге ерекше білім беру әлеуметтендіруге бағытталған шаралар қарастырылды.

Ел бойынша тұжырымдаманы жүзеге асыруға 1,3 триллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Жоба жоғарыда айтқандай, қауіпсіздік, білім, денсаулық, отбасы мен әлеуметтік қорғауды қамтиды.

Самал Қалиқызы