Қоғам тыныштығын сақтау – кәсібилік пен сабырды талап ететін жауапты міндет. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік қызметкері күн сайын сапаржай аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік. Бұл міндетті бүгінде жас мамандар абыроймен атқарып келеді. Солардың бірі – Павлодар станциясяндағы Желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері Даниял Сағындықов.

Даниял Сағындыков, желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері

Өте сабырлы болу керек. Адамбармен жұмыс жасай білу керек. Ең бірінші адамдармен көп жұмыс болады. Адам обрашениелерін түсіне білу керек.

Даниял вокзал аумағында кезекшілік жүргізеді. Қызметкер «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында сапаржайға келушілердің қауіпсіздігін қадағалап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Даниял Сағындықов, желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері

Көбінесе осындай оқиғалар болады көбінесе адамдар өзінің жеке заттарын ұмытады сондықтан біз түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Қызметтен тыс уақытта жас полицей отбасына арнайды. Жары Жансая оның әрдайым жанынан табылып, қиын сәттерде демеу бола біледі.

Жансая Сагындыкова, жұбайы

Мен жұбайымның полиция қызметкері болғанын мақтан тұтамын және әрдайым қолдау білдіремін. Қызмет ерекшелігіне байланысты ол мереке мен демалыс күндері де жұмыс істейді, сондықтан мен бұл жағдайға түсіністікпен қараймын әрі қолдауымды ешқашан аямаймын.

Қазір ІІМ-нің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» акциясы жүріп жатыр. Бұл бастама құқық қорғау органы қызметкерлеріне сенімді арттыруға бағытталған. Даниял Мейрамбекұлы халыққа адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді.

Байтұрсын Жұмабай