Облыс активі конституциялық реформа жөніндегі жиын өткізді. Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенділер қатысты.

Жиында алғаш болып облыс әкімі Асайын Байханов сөз алды. Ұсынылып отырған Конституциялық жоба мәтініне тоқталды. Аймақ басшысының сөзінше, өзгерістер қоғамның алға басуына мүмкіндік береді.

Журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Болат Аманбаев осы Конституция арқылы адам құқығы кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріліп жатқандығына тоқталды.

Конституция жобасында білім мен ғылымның, инновацияның орны да айқын көрсетілген деді жиынға қатысушылар. Бұл ғылым арқылы экономика жасауға мүмкіндік береді деді сала өкілдері. Осылайша, жастардың ғылымға көптеп келуіне жол ашуға болады деген пікірде.

Конституция – ел дамуының басты бағдары. Мемлекеттік дамудағы өзіндік жолы мен құндылығы хатталады. 84 пайызы өзгеріп жатқан Ата заңның мазмұны баша ел тұрғындары үшінм аңызды екені сөзсіз.

Жиын соңында аймақ басшысы жаңа Конституция жобасын жұртшылыққа жеткізу ісінде баршасын белсенділік танытуға шақырды.