Облыс орталығында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөнінде мәселелер талқыланды. Осы бағыттағы өзекті түйткілдерді қарау мақсатында өңірде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында саланың қазіргі ахуалы сараланды. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауды күшейтуге бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесуге елордадан арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында Мәжіліс депутататы да болды. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік саласының сарапшылары қатысты. Мамандар өңірдегі ахуалмен танысты. Олар әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау жеткіліксіз және облыста бұл бағытта жүйелі жұмыс жоқ екенін атап өтті.

Эмин Әскеров, әлеуметтік кәсіпкер, ұлттық құрылтай мүшесі

Павлодар облысы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша артта тұр. Облыс 20 өңірдің ішінде 17-орында. Осы себепті біз Мәжіліс депутаттарымен бірге келдік. Мақсатымыз – осы саланы дамытып, көмектесу. Басқа өңірлерде қолдау жақсы жолға қойылған. Мысалы, Астанада әкімдік әлеуметтік кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Онда ақпараттық қолдау бар. Сондай-ақ гранттар бөлінеді. Павлодарда қазір әкімдік беретін гранттар мен жеңілдетілген несие ғана бар. Бірақ форумдар мен кездесулер өткізілмейді. Кәсіпкерлер бір-бірімен тәжірибе алмаса алмай отыр. Бұл қолдаудың аз екенін көрсетеді.

Жиын барысында қатысушылар мәселені шешу жолдарын айтты. Ең алдымен ақпараттық қолдауды күшейту қажет екені сөз болды. Әлеуметтік кәсіпкерлерді көпшілікке таныту керек. Сондай-ақ тұрақты кездесулер өткізу ұсынылды. Бұл кәсіпкерлердің бір-бірімен танысуына мүмкіндік береді.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Өздеріңіз білесіздер әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдайды міндетті түрде. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ісі министрлігі де қолдайды. Біз парламент мәжілісінің депутаты ретінде сіздер жасап жатқан жұмыстарыңызды қолдаймыз. Өздеріңіз білесіздер жаңа салық кодексіне өзгерістер енгізуді қолға алдық. Кейбірі қолдады, кейібірі қолдамады. Бірақ біз әлі алған бетімізден қайтпаймыз.

Қатысушылар әкімдік тарапынан қолдауды күшейту қажет екенін айтты. Себебі, әлеуметтік кәсіпкерлік өңір үшін маңызды бағыт. Бұл сала халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлу қажет.

Нұрзия Темірова, әлеуметтік кәсіпкер

2023 жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкермін. Өзімнің қармағымда 4 мүмкіндігі шектеулі адам істейді. Әлеуметтік кәсіпкерлердің мүмкіндігі шектеулі адамдардың. Өзінің жеке мәселелері бар. сонымен қатар олардың ой өрісі басқаша. Оларға подход керек. Осындай мүмкіншілік туғанына қуаныштымыз. Әлеуеметтік кәсіпкер болғанымызға. Алайда мәселелер бар. Жұмыстар бар.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта қаралатын болады. Мамандар әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау қажет екенін жеткізді. Бұл сала дамыса, өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік артады. Сондықтан жауапты мекемелер тарапынан нақты ұсыныс күтіледі.

Сабина Жолдаспаева