Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада оқырмандарға арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «AI бұрышы» ашылды. Жаңа жоба оқырмандарды заманауи цифрлық технологиялармен таныстыруды мақсат етеді.

Жаңарып жатқан дәуірде кітапхана қызметкерлері де жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқырмандарға таныстыруда. Бұл бұрышта Кандинский, Дип Сик, Грок,гимини, чат жпт сынды платформалар ұсынылған. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің артықшылықтары мен кемшіліктері де жан-жақты түсіндірілді.

Шолпан Шахметова, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы

Әринне осындай жаңашылдықтақтың кері де оң әсері де болады.Білім орталығы ретінде кітапхана бос уақытын өткізу білім ордасы болғандықтан осындай кабинет ашу ойға келді. Ең бастысы кітап оқумен байланыстырғымыз келеді.Жасанды интелект кітапханаға көмекші ретінде болуы керек. Жасанды интелек арқылы оқырмен санының артуына ықпал еткіміз келеді.

Бұдан бөлек, «AI бұрышында» семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Жақында кітапхананың арнайы чат-боты іске қосылды. Ол арқылы оқырмандар кітап іздеп, қажетті әдебиеттер туралы ақпарат ала алады.

Дария Тохтар, оқырман

Біздің кітапханада иай бұрысы пайда болғаныны біз үшін үлкен қадам. Себебі тек кітап ғана оқымай, жаңа дағдыларды да үйрене алады. Жаңа нәрселерді үйрене алады.

Айта кетейік, кітапхана есігі барлық оқырмандар үшін ашық. Ал жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы белгілі бір тақырыпқа арналған кітаптар тізімін дайындап, оларды заманауи жаңалықтар мен сұраныстарға сай ұсынуға да болады.

Дильназ Қуанышбекқызы