Өткен аптада Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жаңа Ата заңның жобасын таныстырды. Бұған дейін комиссия мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен елдің саяси дамуына қатысты біршама ой айтқанын білеміз.

Ата заңға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасында Преамбула, 11 бөлім мен 95 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

Комиссияның барлық мүшелері жаңа конституцияның идеясын қолдап отыр. Қазіргі таңда жаңа конституция өзекті. Егер сандарға келетін болсақ, 77 бап, жаңа деуге болады. Бұрынғы конституциядан 84 пайызға өзгерді. Көрсеткіш арқылы жаңа заманның жаңа конституцияның талап етіп отырғанын көруге болады. Конституция дамудың жаңа бағыттарына, талаптарына сай болу керек. Мемлекет басшысы бағыттарды Құрылтайда нақты атап өтті. Ақпараттандыру жұмыстарына депутаттарды, жастарды, бизнес өкілдерін белсенді қатысуға шақырамын.

Самал Қалиқызы