Біздің түсірілім топ қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, мектеп асханаларын тексеруге шықты. Еш ескертусіз, қоңыраусыз бірден асхана мен ас мәзірімен танысып келді. Шағымдар бар ма? Тілшіміз Самал Қалиқызы айтсын.
Самал Қалиқызы, тілші
1 ақпаннан бастап Қазақстандағы барлық білім беру ұйымына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Ал 1 ақпаннан бастап енетін тексеріс балалардың қауіпсіздігі және тамақтану сапасына қатысты болады. Осы ретте депутаттармен мектептерді араладық.
Аманжол Шәмкенов атындағы №16 мектептің асханасы өзге мектептерден ерекшеленбейді. Сөрелерде пеште піскен салмалары бар бәліш, самсалар қаз-қатар қойылып, бағасы жазылған. Сатып алғыңыз келсе, ыстық тамақ та әртүрлі. Ал, 1-4 сынып оқушылары үшін ұсынылатын ас мәзірі мынадай.
Самал Қалиқызы, тілші
Балалардың мектепте не ішіп не жеп жүргені ата аналарды алаңдатады. Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап, бірыңғай ас мәзірі енгізілді. Жсопар бекітіледі, соған сәйкес ас әзірленгеді. Бақылау ас мәзірі көрсетілген. Макарон өнімімен болоньез бар, орамжапырақ, алма қосылған салат бар. Ас мәзірінде қойылған ас түрі.
Жалпы асхана әкімшілігінің сөзінше, 700-ге жуық бала тегін тамақтанады екен.
Ал, бұл №35 мектептің асханасы. 1-4 сыныптарға арналған ас мәзірінде өзгеріс жоқ. Қуантарлығы, балаларға нан тегін беріледі екен. Жалпы мұнда да түрлі бәліштер, ыстық тамаққа гарнирлер, орамалар, тәттілер қойылған. Мәзірде тәтті сусын орнына су мен қайнатылған компат, жеміс–жидек қосылыпты.
Самал Біләлова, асхана әкімшісі
Егер қою тамақ алатын болсаңыз, мысалы гарнир мен ет алсаңыз, 650 теңге болсады. Шәй 70 теңге, нан тегін беріледі. Оған бәліш қосуға болады. Жалпы 900 теңге шығады. Яғни 1000 теңгеге ағыл тегіл біздің асханада тамақ ішіп шығуға болады.
Асхана тамағының сапасын қадағалайтын бракераждық комиссия да барлық мектепте құрылған.
Гаухар Бектемірова, №35 ЖООБ мектебінің директоры
1-4 сынып 295 бала, олар тегін тамақтанады. 36 оқушы аз қамтылған. Арендатор 10 пайызға тегін тамақтандырады. Балаларымыз риза, бракераждық комиссия ұйымдастырлған. Ай сайын тексеріліп отырады. Тамақтың желінбеу индексі бойынша есеп береміз. Пилоттық мектепке енгенбіз. 9 пайызға төмен түсті.
Мектеп асханаларына тексеріспен шыққан қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова соңғы кезде асханаларға қатысты ата-аналар шағымынын азайғанын айтты. Бұл жалға алушылардың ауысқанымен де байланысты болуы мүмкін.
Гүлжайна Дәрімова, қалалық мәслихат депутаты
Бүгін қаламыздың екі мектебіне кіріп шықтық. Мектептерді өзіміз таңдадық. Ешкімді алдын ала ескертпедік. Бұл 16 және 35-ші мектептер. Бәрі дәмді. Жалға алушылар жақсарып келеді. ата аналар мен балалардан шағымдар мүлдем жоқ. Кейде болған кезде ата аналарға барып, өздерің тексеріңіздер деп айтамыз. Есіктер әркез ашық.
Балаға бергеннің бәрі ас. Олар тамақтың сапасына да мән бере қоймайды. Сондықтан келешек ұрпақтың денінің сау, өмір жасының ұзақ болуы бүгінгі жасалып жатқан шараларға байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Самал Қалиқызы