Павлодарда қысқы дрифт сайысы өтті. Онда авто спортшылар өз шеберілктерін көрсетті.

Спорттық шара 16 жасында мезгілсіз қаза тапқап автоспортшы Анатолий Киннің құрметіне арналды. Жарысқа Павлодардан басқа қалалардан да жүргізушілер келіп қатысты. Жиыны 20 спортшы шеберліктерн ортаға салды.

Екатерина Чигрина, ҚР авто мотоспорт федерациясының Павлодар облысындағы өкілі

Қысқы дрифттің де өз қызығы бар. Әлібетте, бұл жаз уақытында өз әсерін жақсы беретін спорт. Алайда, қыста, аппақ қар үстінде де спортшылар жақсы шеберлік үлгісін көрсетуге мүмкіндік бар очень интересно.

Авто спорт тәуекелі көп спорттардың бірі. Көлікті көңілің қалағандай басқарып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлау оңай емес. Алайда, бұл спортқа қызығушы жастар өсіп келеді.

Милана Богданович, қатысушы

Бала кезімнен армандадым. Өте қатты қызықтым. Бір жыл бұрын көлік сатып алып, осындай жарыстарға қатысып жүрмін. Потихоньку.

Бұл қысқы дривт бәсекесінің бірінші кезеңі, екінші кезең 8- ақапн күні өтеді.