Демалыс күні №5512 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Маңызды шараға ардагерлер, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.
Серт беру рәсімі әскери бөлімнің саптық алаңында өтті. Отан алдындағы борышын өтейтін жауынгерлер бір жыл бойы қала тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, шаһар көшелерінде кезекшілік жүргізеді.
Олжас Жүнісов, №5512 әскери бөлімі командирінің орынбасары
Жас сарбаздар желтоқсан 2025 жылдың желтоқсан айының 15-інен бастап ҚР алты өңір облысынан 140қа жуық әскери шақырған болатын. Сол күннен бастап осы күнге дейін бір жарым ай дайындалды, ертеңнен бастап бұл сарбаздар негізгі бөлімшелерге бөлінетін болады. Ары қарай біздің әскери бөлімге қойылған міндеттерді толығымен орындайтын болады.
Қорғаушылар Астана, Абай, Шығыс, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан келді. Бұл күнді көптен күткен ата-аналардың қуанышында шек жоқ.
Әсел Құдабаева, Семей қаласының тұрғыны
Баламыз Павлодар қаласында служить етіп жатыр. Міне бір ай болды, баламыздың присягасына келіп жатырмыз бүгін біз. Баламызды көріп қуанып жатырмыз. Азаматтық борышын ойладығай аяқтап, аман-есен оралуын тілектеспіз баламыздың. Қуаныштымыз.
Ел тыныштығы бойында жігері мол, қайратты да білімді жастардың қолында. Болашақта әскери қызметкер болуды армандайтын сарбаздың бірі — Дидар Қайыржан.
Дидар Қайыржан, №5512 әскери бөлімінің сарбазы
Мен Петропавл қаласынан Павлодар қаласына 5512 әскери бөліміне келдім. Менің негізгі мақсатым осы бір жылдық әскерді аяқтап, өзім әскери мамандықта жұмыс істегім келеді.
Әскер қатарына шақырылған жауынгерлер бір жыл бойы ел тыныштығын қамтамасыз етеді. Сарбаздарға жүктелер жауапкершілік зор. Темірдей тәртіп әрбір азаматты шыңдайтыны сөзсіз.
Әйгерім Тоқпанқызы