Павлодар қаласындағы №14 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық шарасы аясында рейд жүргізді. Шара көпқабатты үйлердің ауласында, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Рейд барысында учаскелік инспекторлар пәтерлерді аралап, аумақтарын тексерді. Көбіне қоғамдық тәртіпті бұзу, алкогольдік ішімдікті рұқсат етілмеген жерде тұтыну, тыныштықты бұзу сынды құқықбұзушылықтар жиі анықталады.
Нұрлан Бәйдікенов, Павлодар қаласы оңтүстік ПБ №14 учаскелік полиция пунктінің инспекторы
Жеке және мүліктің қауіпсіздік шаралы күдікті адамдар туралы полицияға уақытылы хабарлау қажеттілігі және қоғамдық тәртіпті бұзу тәртібі туралы еске салады. Сонымен қатар учаскелік инспеторлар құқықбұзушылық жасауға биім адамдарға және профилактикалық есепте тұрған адамдарға назар аударады. Мұндай шараларды өткізу аулаларда қауіпсіздік деңгейге арттыру қылмыстық пен құқықбұзушылықтармен алдын алуға сонымен қатар полиция халықпен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.
Учаскелік инспекторлар тәулігіне 50-ге жуық пәтерді аралайды. Есепте тұрған азаматтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ ішімдікке салынған, әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардың жағдайын тексереді.
Күн сайын №14 учаскелік пунтктке тұрғындардан 15–20-ға жуық шағым түседі. Осыған байланысты инспекторлар тексеру жұмыстарын жалғастырады.
Сабина Жолдаспаева