«Богатырь Көмір» кәсіпорнында прокуратура мен еңбекті қорғау басқармасының мамандары кеңесі өткізді. Кездесудің басты мақсаты – заң талаптарының сақталуын қадағалау, құқықбұзушылықтарды алдын алу және еңбек жағдайын жақсарту. Тілші әңгімесінде.

Кездесу барысында құқық қорғау қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қызметкерлердің құқықтарына қатысты бірқатар мәселеле көтерді. Алаяқтардың құрбаны болмай, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына аударылды.

Қанат Атығаев, Екібастұз қаласының прокуроры

«Белгілі болғандай, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың басым бөлігі үш қала құраушы кәсіпорында еңбек етеді. Олар – Екібастұз МАЭС-1, 2 және «Богатырь Көмір» серіктестігі. Сондықтан прокурорлардың дәл осы кәсіпорында кездесу өткізуі кездейсоқ емес. Мұнда шамамен 6700 адам жұмыс істейді. Кездесуге еңбек инспекциясы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарын арнайы шақырдық.

Еңбек қауіпсіздігі мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Кәсіпорын мамандары прокуратурамен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Нәтижесінде жарақат алу қаупі жоғары аймақтар, ескірген жабдықтар және қызметкерлердің нұсқаулықтарды қатаң сақтауы қажет учаскелер анықталды.

Асқар Қапанов, Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы

«Осындай ашық диалогтардың арқасында жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары саласында күрделі мәселелер жоқ деуге болады. Ұжымдық келісімшарттар қабылданған кезде біз де қатысамыз, өйткені даулы мәселелер жиі туындайды. Дегенмен, тараптар әрдайым ортақ тіл таба алады. Ал негізгі проблема – өндірістік жарақаттану. Былтыр облыс бойынша өлімге әкелген жазатайым оқиғалардың 30 пайызы «Богатырь Көмір» кәсіпорнына болған. Мұнда екі адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алған. Бұл еңбекті қорғау мен энергетикалық қауіпсіздік саласында бақылаудың әлсіз екенін көрсетеді».

Кездесу барысында өндірісте алатын жарақатты азайтуға, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Асқар Қапанов, Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы

«Қазақстанда 2020 жылдан бастап кәсіби тәуекелдерді бағалау қағидалары қабылданған. Алайда сіздердің кәсіпорында бұл бағалау жүргізілмеген немесе сапасыз орындалған болуы мүмкін. Ал биылғы жылдың шілде айынан бастап кәсіби тәуекелдерді бағалау міндетті талапқа айналады. Оны тек арнайы лицензиясы бар ұйымдар жүргізетін болады. Әрбір кәсіпорын өз тәуекелдерін бағалауы тиіс. Егер жазатайым оқиға орын алып, тәуекелдер алдын ала бағаланғанына қарамастан жағдай қайталанса, бұл кәсіпорын үшін елеулі кемшілік болып есептеледі».

Прокуратура мен еңбекті қорғау қызметінің бірлескен жұмысы кәсіпорында қауіпсіз әрі заң талаптарына сай еңбек ортасын қалыптастыруға, өндірістік тәуекелдерді азайтуға және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әйгерім Тоқпанқызы