Павлодар футболы үшін тарихи сәт. «Ертіс» әйелдер футбол командасы алғаш рет Қазақстан чемпионатында бақ сынайды. Жаңа маусымда QFL — «Кью-Эф-Эл» Қазақстан Әйелдер лигасында павлодарлық команда өңір намысын қорғайды.
Өткен маусым қорытындысы бойынша Бірінші лигада күміс жүлде иеленген «Ертіс» футбол клубының негізгі командасы ел чемпионатының жоғары дивизионына жолдама алды. Осы жетістік клубтың әйелдер командасына да кәсіби деңгейде ұлттық біріншілікке қатысуға мүмкіндік берді.
Айгүл Қырықбаева, «Ертіс» футбол клубы бас бапкерінің ассистенті
Сәуір айында кәсіби әйелдер арасында ойын басталды соған кездесуге дайындалаып жатырмыз. Біздің ерлер командасы биыл жолдама алды премьер лигада ойнау үшін. Сол арқылы бізге мүмкіндік берілді әйелдер кәсіби футбол командасында осындай деңгейде ойнау үшін.
Айта кетейік, «Ертіс» футбол орталығы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Қазақстан чемпионатында 2008-2009 жылы туған жасөспірім қыздар өнер көрсететін болады. Қазір олар қызу дайындық үстінде.
Аяжан Исламғалиқызы, шабуылшы
Менің ойымша біз қазір жақсы дайындалып жатырмыз. Бізде тренировкалар жақсы болып жатыр.
Алда «Ертіс» әйелдер командасын жауапты әрі тартысты маусым күтіп тұр. Павлодарлық жанкүйерлер жаңа командадан жарқын ойын мен жеңістер күтуде.
Дильназ Қуанышбекқызы