«Алтын сақа» инновациялық орталығында балаларға ұсынылатын үйірмелер қатары артып келеді. Енді оқушылар асық атудың бірнеше түрін меңгере алады. Толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар қаласындағы «Алтын сақа» инновациялық орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалар арасында асық ату спортының беделін арттыру мақсатында «Асық страйк» кабинеті ашылды. Жоба Білім беру басқармасының бастамасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Маңызды жұмыстарыңыздың бірі деп ойлаймын. Өйткені бізде республикалық «Адал азамат» жобасы бар, соның аясында көп ұлттық ойындар осы әдістемеде бар. Сондықтан оны кеңінен таратуға сәттілік тілейміз.

Кабинетте алдымен өңірде асық ату спортының дамуына үлес қосқан азамат Қаманай Жиенхан ағамыздың суреті мен қалдырған мұрасы көзге түседі. Ол кісі асық ойнау әдістерінің 20 түрін, қамшы өрудің 24 түрін зерттеп меңгерген. Қанша шәкірт тәрбиеледі. Бұдан бөлек, «Шерту шеберлік шыңы» әдістемелік кітабының тұсауы кесілді.

Саян Мұқанов, «Алтын сақа» инновациялық орталығының басшысы

Осы кабинетте асықтың түр түрімен ойнайтын болады. Асықтың жалғыз ғана шаршы алаңда атуы емес шеңберде ату, бес тас, асықтың басқа да түрлері бар. Осы түрлері методикалық нұсқаулықта жазылып шыққан. Осы кабинетте балаларға таратылып, үйретіліп, ойнатылатын болады.

Өңірде асық ату спорты жақсы дамып келеді. Нәтижесінде еліміз бойынша үздік үштіктеміз.

Қалибек Қуанұлы, Павлодар облыстық асық ату федерациясының атқарушы директоры

Қазіргі таңда бізде рейтинг бойынша алғашқы үштіктеміз. Азия, Әлеум кубогі, Қазақстан чемпионы бар. өте жоғары деңгейде дамуда. білім саласымен мектеп оқушыларына қосымша үйретуге міне осындай ұйымның қосымша материалдарын енгізіп жатырмыз. Керемет кітапты тұсауы кесілді. Бұл қосымша білім саласындағы ұстаздарға өте керек құрал.

Сонымен, енді асық ойнына қызығушылығы бар балалар «асық страйк» үйірмесіне қатыса алады. Оларға арнайы әдістемемен асық атудың бірнеше түрі үйретіледі.

Самал Қалиқызы