Күрлеуіттің баһадүр перзенті. Дәл осындай атпен Павлодарда спортшы Нұрлан Көпбергеннің өмірі мен жүрген жолы жазылған кітаптың тұсаукесері өтті. Әдемі кештің куәсі болған тілшіміз жалғастырсын.
Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада әдебиет сүйер қауым мен спортшылар бас қосты. Бәрі де алып күш иесі, жерлесіміз Нұрлан Көпбергеннің өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесеріне келген.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Мен бозбала шағымда Успен ауданында тұрдым. Сол аудандағы орыс, қазағы осы кісіні аңыз қылып айтатын. Қолында 100 литрлік флякты алып кете беретін. Біз таң қалатынбыз. Бір бірімізді бар кезімізде құрметтеп сыйлағанымыз дұрыс. Бұл өте қуанышты.
«Күрлеуіттің баһадүр перзенті» кітабында Нұрлан Көпбергеновтің өмірі, спорт саласындағы жетістіктері жазылған. Туған туыстары, ағайыны мен жолдастары, әріптестерінің жылы лебіздері де осында жарияланған. Содан бөлек, кітап соңында кю-ар кодтар берілген, онда ағамыз туралы тың ақпараттармен, видеолармен танысуға болады.
Жұмабек Қамзин, қоғам қайраткері, кітап авторы
Біздің аймағымызда әлем чемпиондары, Гиннес рекрода кітаптарына енген адамдар көп емес. Сондай жандардың бірі Нұрлан Көпбергенов жаста бірге өстік. Өзі Әлем чемпионаттарға қатысып жүлделі болды. Гиннес рекорды кітабына енді. Біз бірде туыс, бірде жерлеспіз. Осы азамат туралы жастар білсін деп тарихи тұлға болғандықтан осындай кітап шығардық.
Ағамыздың шәкірттері де жылы лебіздерімен бөлісті.
Әділет Дүйсембаев, мамандандырылған спорт-интернат колледжінің студенті
Осы Нұрлан Көпберген ұлы атақты спортшы. Гірші. Көп рекорд гиннесымен танымал. Бізді үйретеді, мотивация береді бізге. Біз халықаралық ареналарға шыққан кездерде осындай кісілердің артымда болғанынан мотивация аламын.
«Күрлеуіттің баһадүр перзенті» кітабы өңірдің спорт саласына ғана емес, жалпы дамуына үлес қосқан азамат жайлы.
Самал Қалиқызы