Павлодар облысында жоғары сынып оқушыларына арналған «Бүгін – оқушы, ертең – мемлекеттік қызметші» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Жаңа форматтағы кәсіби бағдар беру шарасы аясында мектеп түлектері мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Шараның мақсаты оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Мемлекеттік қызметке қызығушылықтарын арттырып, бұл саланың мүмкіндіктерін нақты көрсету. Жоғары сынып оқушылары мекеменің негізгі қызмет бағыттарымен танысты. Олар жұмыс кабинеттерін аралап, мемлекеттік қызметшілермен тілдесті. Түрлі мамандықтар бойынша жобалар ұсынылды.
Мадияр Әбілдин, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп, мектеп оқушыларына, әсіресе 11-сынып оқушыларына ашық есік күнін ұйымдастырдық. Ашық есік күні барысында оқушылар мемлекеттік органның жұмысымен танысады. Ерекшеліктерін көреді. Әсіресе, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану қоршаған орта және су ресурстарының басқармасының жұмысымен танысады. Павлодар облысының құрылыс басқармасымен. Осы екі басқармамен.
Оқушылар мемлекеттік қызметтің артықшылықтары туралы да ақпарат алды. Е-Qyzmet порталы арқылы цифрлық іріктеу, тұрақты жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, ақы төленетін демалыс, кәсіби білімін жетілдіру мүмкіндіктері таныстырылды.
Альтаир Әсет, Павлодар қаласы №7 ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы
Болашақта мамандықты таңдау өте маңызды. Себебі бұл біздің болашағымызға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, біз болашақта мамандықты таңдаған кезде өзіміздің қабілетімізбен, құштарлығымызға байланысты таңдауымыз керек. Осындай шараларда мемлекеттік кәсіби бағдар алған дұрыс. Мысалы біз осындай ашық есік күнінде мемлекеттік қызметкерлердің қалай қызмет жасайтыныны және оның міндеттерін нақты біле аламыз. Осындай мамандық бізге келе ме, сол туралы керек ақпараттар аламаыз. Менің ойымша, осындай шаралар арқылы өте көп нәрсеге үйренуге болады. Осындай мүмкіндіктер арқылы дұрыс пайдалану керек.
Мұндай кездесулер оқушыларға мемлекеттік басқару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және табысты мансап үшін қандай қабілеттер қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ашық есік күні тұрақы түрде өткізілетін болады.
Сабина Жолдаспаева