Қазақстанда ақпан айы – Өтеусіз қан донорлығы айы. Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік, өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бұл бастамаға еліміздің барлық өңірі қосылып отыр.
Елімізде ақпан айы өтеусіз донорлық айы болып жарияланды.Осы орайда Павлодар облысында да қан тапсыру акциялары белсенді түрде өтуде.
Меруерт Каденова, Павлодар облысы қан орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері
Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік, өзара көмек қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру сондай-ақ таза қазақстанның жалпы ұлттық акциясын қолдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан республикасының денсаулық министрлігі 2026 жылдың ақпан айын өтеусіз донорлық айы деп жариялады. Сол себепті ақпан айында барлық қан тапсырғысы келетін донорларымызға есігіміз ашық.
Өткен жылы Павлодар облысында 13 мыңға жуық азамат қан орталығына келсе, олардың 10 мыңнан астамы донор атанған.
Меруерт Каденова, Павлодар облысы қан орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері
Таңғы сағат 8 жарымнан бірге дейін донорларды қабылдау күні болды.ол үшін салмағыныңыз 50 кг жоғары болуы керек. Және де деніңіз сау ешқандай аурудармен ауырмауыңыз керек. Әрқашанда 450 мл қан тапсыру арқылы біршама адамдардың өмірін құтқара аласыздар. Сол себепті павлодар облыстың қан орталығына шақырамыз.
Қазіргі таңда үздіксіз қан тапсырып жүрген азаматтар аз емес. Олар үшін донор болу – жақсылық жасаудың тұрақты дәстүріне айналған.
Мамандардың айтуынша, донор болу – тек медициналық көмек емес, бұл адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Өтеусіз донорлық айы аясында әрбір азамат қан тапсыру арқылы өз үлесін қоса алады.Айта кетейік, ашық есік күні ақпан айы бойы жалғасады.
Дильназ Қуанышбекқызы