Заң және тәртіп қағидаты аясында Павлодар қаласындағы көркемсурет колледжінің студенттері үшін дәріс оқылды. Жастарға ақпарат түсінікті әрі жеңіл түрде жеткізілді.

Ұзыннан ұзақ дәрістердің орнына – студенттермен диалог форматында кездесу өтті. Жастар арасында кездесетін есірткі, ойынқұмарлық, бұзақылық және басқа құқықбұзушылықтар тақырыпқа арқау болды.

Асқар Серғазинов, Павлодар облысы әділет департаментінің бөлім басшысы

Бүгінгі іс – шарамыздың негізгі мақсаты-оқушыларға дәріс өткізу, заңнама нормаларын түсіндіру. Біріншіден, әрине, түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеу, осы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Президент өз Жолдауында айтқандай, біздің елімізде заң мен тәртіпті сақтау қажет, сондықтан біз мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткіземіз.

Алаяқтық тақырыбы да қазіргі таңда өзекті. Кездесу барысында бұл мәселені талқыламау мүмкін емес еді. Әсіресе цифрлық кеңістікте алаятық өршіп тұр.

Әлімбек Ағыбаев, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі

Бұрын қылмыс көшеде болған, қазір қылмыс негізінен осында көшіп келген телефонға. Яғни, негізінде адамды тонаудың қажеті жоқ, ашық зорлық-зомбылық осында телефонда. Қаржылық сипаттағы да, басқа сипаттағы да барлық қауіптер, олар көп жағдайда Интернетке көшті.

Көркемсурет колледжінің студенттері үшін дәрістің дәл осындай форматы өте қызықты. Оны сұрақтарын қойып, пікірталасқа түскеннен ақ байқауға болды.

Шамиль Сагандыков, i курс студенті

Мен мұндай іс-шараларды жастар үшін өткізу керек деп санаймын, өйткені кенеттен орын алған жағдайларда жастар өзін қалай ұстау керектігін, заңдарды білмейді.

Анна Пятницкая, i курс студенті

Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, алаяқтық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды және ол жоғары технологияның арқасында қарқынды дамып келеді. Сондықтан бұл өте маңызды тақырып, оған тек біздің ұрпақ қана емес, бәрі де түседі. Күн сайын ол қауіпті бола бастады, сондықтан бұл өте маңызды .

Музей қызметкерлері де шараның маңыздылығын түсініп отыр. Олардың сөзінше, жастардың бұл кезеңі жауапкершілік пен өзінің, өзгенің құқығын білуде өзекті.

Ольга Пашко, Павлодар облыстық Н.Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейінің маманы

16 жастан кейін адам өзін ересек сезінеді және белгілі бір шешімдер қабылдай алады, қандай да бір жолмен әрекет ете алады деп санайды. Егер ол жақсы шықпаса, бұл ауырады. Қалай әрекет ету керек, кіммен кеңесуге болады, не туралы сөйлесуге болады –құқықтар мен міндеттер туралы білу керек. Сондықтан "заң және тәртіп" жобасы өте маңызды.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында қолға алынатын жобалар әлі де жалғасын табады, деді ұйымдастырушылар.

Самал Қалиқызы