«Қазақстан халық партиясыны» Павлодар облысындағы филиалы Конституциялық жобаны талқылады. Партия мүшелері жаңа Конституцияда адам құқықтарына айрыша абсымдық берілгендігіне тоқталды.

Ел бойынша ашық талқылауға берілген Конституция жобасына Қазақстан халық партиясының Павлодардағы филиалы да ойларын білдіру үшін жиналды. Партия мүшелері мен белсенділері өздері байқаған оң өзгерістер туралы айтты. 84 пайызы қзгеріп жатқан Конституцияның негізгі құндылығы адам құқығын қорғау деді партия өкілдері.

Әлімбек Ағыбаев, «Қазақстан халық партиясы» ПОФ төрағасының міндетін атқарушы

Конституцияның жаңа жобасы тұтастай алғанда адам ұқығын қорғаудан тұрады. Отбасы институты, еңбек құқығын қорғау нақтыланды. Адвокаттардың мәртебесі нақтыланып, заңдық көмек берудің маңызы бекітілді. Бұның бәрі біздің азаматтық қоғамның дамуы үшін жасалуда деп түсінемін.

Констиуция мемлекеттік болашағын бағдарлайтын басты құжат. Ондағы әрбір өзгеріс әр азамттың назарында.

Евгений Миронов, «Қазақстан халық партиясының» белсендісі

Барлық өзгеріс халық әл-ауқатының артуы үшін. Мәселен, бұрын болмаған табиғатты сақтау мәселесі Конституцияға еніп отыр. Бұның өз азаматтардың игілігі үшін.

Партия мүшелері жаңа Конституциялық жоба кіріспесіндегі негізгі ойларға да тоқталды. Өзге де өзгерістерді талқылап, жаңа жобаны қолдайтындықтарын жеткізді.