Май ауданы Көктөбе ауылдық мектебіндегі робототехника үйірмесінің оқушылары Ақмола облысында өткен «Зерде» республикалық шығармашылық жобалар байқауында биік нәтижеге қол жеткізіп, екінші орын иеленді. Сайыс Шучинск қаласында қаңтар айының 28-і мен 31-і аралығында өткен. Ол сайыста оқушылар қандай жоба ұсынды? Ерекшелігі қандай? Біздің түсірілім топ көріп келді.

Яғни, бұл аумақ қойлар мен қозыларды бөлуге арналған. Түс датчигі арқылы қора есігі автоматты түрде жұмыс істейді. Осылайша қораға қандай қойлардың кіретіндігі реттеледі. Сондай-ақ, ультрадыбыс датчигі арқылы түліктер қысқы қорадан жазғы жайылымға өтеді. Бұл алгоритмге сәйкес қойлар есікке жақындаған кезде ол ашылып, жайлау жаққа немесе кері қарай өтуге мүмкіндік бар.

Саян Қылышбек, Май ауданы көктөбе ЖОББ мектебінің оқушысы

Мен үшінші сыныптан бастап робототехника пәніне қатысамын. 4-сыныптан бастап жарыстарға барып жүрмін. Мен болашақта осындай роботтарды жасағым келеді. Қазірден бастап үйірмеге қатысып жүрмін. Болашақта осындай роботтар құрғым келеді.

Дәрмен Жұман, Май ауданы көктөбе ЖОББ мектебінің оқушысы

Үшінші сыныптан бастап Лега жинақтарымен таныс болдым. Сондықтан, робототехнкаи үйірмесіне қатысып келемін. Қазір біз автономды ферма жоабсын жалғастырып отырмыз. Сол жобамен республикалық кезеңге жеттік. Менің арманым адамдардың еңбьек күшін азайту және олардың уақытын үнемдеу.

Оқушылардың да, ұстаздың да арманы көп. Қазір мектеп қабырғасындағы шағын үйірмеде шығармашылықтарын дамытуда. Бұл сабақтардың әрқайысы болашақ үлкені істердің негізі болады деген сенімде.

Динара Бейсекова, Май ауданы көктөбе ЖОББ мектебінің мұғалімі, робототехника үйірмесінің жетекшісі

Робототехника білім беру жүйесіндегі ең өзекті бағыттардың бірі. Біздің үйрменің ең басты мақсат оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін арттыру, техникалық сауаттарын көтеру. Бідің оқушылар облыстық, республикалық деңгейде жетістіктерге ие болуда. Оқушылар ұйірмеге өте қызығушылықпен қатысады.

Үйрмеге мектептің 5-9 сынып аралығындағы оқушылар қатысуда. Аптасына екі рет жиналып, ойларын ортаға салып, қиялдарын іске асырады.