Инженер, ғалым немесе зерттеушіге қызығушылық ерте жастан басталуы мүмкін. Дәл осындай ғылым мен техника әлеміне алғашқы қадамдар Павлодар қаласындағы мектепке дейінгі №42 гимназиясында жасалады. Толығырақ тілші сюжетінде.

№ 42 мектепке дейінгі гимназия облыстағы осындай үш гимназияның бірі. Оның басты ерекшелігі - балалардың білім мен ғылым әлеміне ерте бағыт беріп, оқушыларды әртүрлі пәндердің негіздерімен таныстырып қана қоймай, шынайы қызығушылықты, білімге деген сүйіспеншілікті оятып, болашақ мамандарды даярлауға деген ұмтылыс береді.

Гүлмира Қожахметова, №42 мектепке дейінгі ұйымының басшысы

Біз болашақ зерттеушілерді, болашақ инженерлерді дайындаймыз. Креативті, логикалық жағы жақсы дамытан балаларды осы бағыттарды үйретеміз. Ойларын жеткізе алатын, бәсекелестікке төтеп бере алатын, командада жұмыс істейтін балаларды тәрбиелейміз.

Мектепке дейінгі гимназия стандартты емес мұнда сегіз білім беру модулі жұмыс істейді, олардың әрқайсысы баланың белгілі бір дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. Олардың қатарында алғашқы ғылыми эксперименттер мен техникалық шығармашылыққа арналған төрт бейінді аймақ, робототехника және LEGO-құрастыру модульдері, ағылшын тілі сабақтары, жүзу, "Fitness Kids" бағдарламасы, "Звуконарик" сөйлеуді дамыту курсы, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағыты жұмыс істейтін STEM-зертхана бар.

Гүлмира Қожахметова, №42 мектепке дейінгі ұйымының басшысы

Модуль жүйе бұл кабинетті жүйе. Әр модульде оқытушылар жұмыс істейді. Мысалы бір тобы тілашарға кетсе, екінші топ тәрбиешімен қалады. Дәл сол сияқты роботехника модуліне балалар барады. Яғни топтағы барлық 25 бала осы модульдерге кіріп, білім алып шығады. Жылпы қазір бізде 8 млдуль бар.

Жаңартылған оқыту жүйесіне көшу үш жыл бұрын жүргізілген күрделі жөндеуден кейін мүмкін болды. Ауқымды жобаның құны 566 миллион теңгені құрады. Жаңғырту мекеменің инфрақұрылымын толығымен жаңартуға, кабинеттерді заманауи жабдықтармен жабдықтауға және балаларға жайлы білім беру ортасын құруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда гимназия толық қуатта жұмыс істейді-оған 235 оқушы қатысады.

Ләззат Серікбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасының инновациялық орталығы басшысының орынбасары

2023 жылдан 2025 жыл аралығында 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 93 пайыздан 95 пайызға өсті. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімді екенін көрсетеді.

Ағымдағы жылы мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын жаңарту жалғасты. Облыс орталығында жеті күрделі жөндеу жоспарланған, тағы бір нысан Ақсу мен Павлодар ауданында жаңғыртылуда. Облыста әр түрлі форматтағы 388 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Самал Қалиқызы