Павлодар облысы көші-қон бағдарламасы белсенді іске асырылып жатқан облыстардың бірі. Алайда, арагідік заңсыздықтар орын алып жатады. Мәселен, облыс прокуратурасы өзін қазақпын деп жалған дәлел ұсынған Ауғанстан азаматын тергеу басталғанын хабарлады.

Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысын тексеріп, бюджет қаражатын жымқыру фактісін тіркеді. Қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады.

Аталған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.