Май ауданы Баскөл ауылдық мектебінде аудандық әкелер форумы ұйымдастырылды. Онда әке тәрбиесінің орны мен өнегесі жан-жақты айтылған семинар тренинг ұйымдастырылды. Әкелер мен балалар арасында спорттық сайыстар өтіп, ұлттық тұрмыс мәдениеті насихатталды.

Қазақ дәстүрінде әкенің балаға үйрететін өнегесінің бірі шежіре. Қазақтың ер жете бастаған әр ұлы кем дегенде өз аталарын жақсы біліп, тануы керек. Семинар аясында балаларға көрсетіліп, әкелерге негізгі тәрбие құндылықтарының бірі ретінде шежіре ұсынылды. Ал, «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Қызыр Жанарсы әкенің отбасындағы, қоғамдағы рольі турасында семинер тренге өткізді. Әке болудың жауапкершілігі туралы ойларын ортаға салды. Ал, мектептің спорт залында әкелер мен балалар асық ойлап, өзара сайысқа түсті. Бұл да әке мен баланың тынмақтастығын тарттырар шаралардың бірі деді ұйымдастырушылар.

Ардақ Ешімов, А. Иманов атындағы Баскөл ауылдық мектебінің мұғалімі

Әкелердің «Мирас» клубы бар. Соған балалрды асқы атудан тәрбиелеп жатырмыз. Балаларға дәлдік, мергендік, батылдыққа үйретеді. Ертеде балаларды алдымен асық атуды үйретіп, сосын садақ атуға бауылған екен.

Нұрсилам Мұратов інісімен бірге тазы баптауды әкесінен үйренген. Әке өнегесі оларды қазақы тазының қадірін білуге баулыды.

Нұрасыл Мұратов, А.Иманов атындағы Баскөл ауылдық мектебінің оқушысы

Өте жылдам, сабырлы. Өздерін таза ұстайды. Шыдамды. Тез жүгіреді. Менің тазымның ең бірінші ұстаған аңы қоян мен қарсақ, 1-2 жасқа толғаннна кейін түлкі ұстады. Әкем алты айынын бастап итімді аңшылыққа үйреткен.

Мектептің шағын орталығында да бала тәрбиесі үшін тағылымы бар шаралардың бірі өтті. Кішкентай балаларға қойдың қалай қырқылатыны көрсетілді. Еңбекке үйрету ерте болмайды. Ал, шағын орталықтың қыз балаларына жаңағы қырқылған қойдың жүнін қалай өңдеу керектігі, яғни жү сабау үлгісі көрсетілді.

Шынар-ай Қожаханова, А. Иманов атындағы Баскөл ауылдық мектебінің басшысының міндетін атқарушы

Енді бүгінгі таңда келетін болсақ әкелеріміз мектепке көп келе қоймайды. Көбінесе жиналысқа аналар келеді. Өзекті мәселердің бірі осы. Сондықтан да біз әкелер мектебін ашып, әкелердің мектепке тарту жолдарын қарастырдық. Бір әкенің тәрбиесін мың мектеп бере алмайды дейді. Әке әрқашан да балаға қолдаушы болуы керек. Сол себепті біз үлкен форум өқткізіп, жан-жақтағы әкелердің жұмысын көрсетіп жатырмыз.

Әке – асқар деу дейді дана халық. Бұл сөздің жүгін бүгінгі заманның әкелері қаншалықты атқара алып жүр? Форум мақсаты осы сұрақтың жауабын іздеу дейді ұйымдастырушылар.