Павлодар облысында жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Оларға көмек көрсету үшін апаттық медициналық бригадасы шақыртылды.

8 ақпан күні Қызылорда – Павлодар бағыты жолында, Байет кентінің маңында 103 қызметінен жол-көлік оқиғасы болғандығы және зардап шеккендер бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге апаттық медициналық орталық трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы дереу жетті. Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Апаттық медициналық орталық бригадасы зардап шеккен екі адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізді. Тағы екеуін 103 қызмет қызметкерлері тексерді. Мамандардың шұғыл іс-қимылдарының арқасында зардап шеккендерге уақытында медициналық көмек көрсетілді.

Самал Қалиқызы