Бүгін ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Бар қазақтың жүрегіне жол тапқан мәңгілік, сыршыл жырлардың авторы биыл 95 жасқа толды. Поэзия тарланының туған күніннің құрметіне павлодарлық оқушылар оның өлеңдерін жатқа оқыды.
Бұлар Павлодар қаласының мектептерінен жиналған оқушылар. Ақиық ақынның көптеген өлеңдерін жатқа біледі. Осылайша, ақынның туған күніне әрі 95 жылға толуына орай ұйымдастырылған «100 дауыс-1 өлең» флэшмобына қатысты.
Адиям Еркенова, №35 ЖОББ мектебінің 4-сынып оқушысы
Бүгін М.Мақатаевтың 95 жылдығына орай оқушыларс арайында жиналды. «100 дауыс-1 қлең» флэшмобына қатысудамыз. «Үш бақытым» деген өлеңі маған қатты ұнайды. Бақты дегенді мен отбасым, отан, туған жерім, туған елім деген мағынада түсінемін.
Оқушылар сарайында флэшмоб қана емес, ақын өлеңдерін тануға, жырларын түсінуге арналған өзге де шаралар, сабақтар ұйымдастырылды.
Әсем Айыпова, Павлодар облыстық оқушылар сарайының әдіскері
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері бізді отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді ғой. Осы үлкен мұраны оқушыларға, жас ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз деп білемін. Ақынның өзі айтқандай өзі қлсе де, өлеңі өлмейді ғой. Оның жырлары әрқашан жадымызда. Мектеп қабырғасында өзіміз де оқыдық. Қазір оны балаларға дарытып жатырмыз.
Оқушылар «Үш бақытым» тақырыбында сурет те салды. Онда бақыт, Отан, туған жер жайлы ойларын қағаз бетіне түсірді. Баршасының бұл ұғымдарға қатысты ойлары, түсніктері бар екені анық. Соны жеткізуге мүмкіндік алды. Ал, тағы бір сыныпта оқушылар Мұқағалидың сөздеріне жазылған әндер жайлы сабақ өтті. Бұл туындылар да қазақ ән өнерінің қазынасын байытқан жауһарлар.