Бұдан кейін Қазақстанның атақты ауыр атлеті, бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Малайсары ауылынындағы мектептің шахмат кабинетінде болды. Жасанды интеллект арқылы шахмат ойнайтын роботпен бір партия жүргізді.

Спорт нысндарының ашылуынан кейін спорт шебері Илья Ильин, Азия чемпионатының қола жүлдегері, жерлесіміз Мамед Ибрагимов және шараға арнайы келген меймандар шахмат сыныбында болды. Заманауи кабинетте AI робот, дәстүрлі шахмат тақтасы мен фигураларымен нақты уақыттағы ойындарды жүргізеді және ойыншыларға үйренуге көмектеседі.

Күрес, ауыр атлетика және шахмат әртүрлі көрінгенімен, олардың арасында байланыс бар. Біріншіден, дайындық, тәртіп қажет. Әр қадамыңа талдау жасап, стратегияны жетілдіру. Екіншіден, психологиялық тұрақтылық маңызды рөл атқарады.

Партия тең болып аяқталды. Бұл спортшылар мен робот арасындағы теңдестірілген ойын тәжірибесін көрсетті. Инновациялық жүйелер арқылы оқушылар мен спортшыларға интеллектуалды спортқа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Әйгерім Тоқпанқызы