Жастың да, жасамыстың да көңіліне жол тапқан ақын жырлары әр жүректе. Қуанышты да, қайғыны да, халықтың арман мұңында да Мұқағалидай жыр еткен ақын кемде-кем.

Бұл қара өлеңнің мекені Қарасаз ауылының халқы. Қарапайым тұрғындардан бастап, оқушыларға дейін жоқ дегенде Мұқағалидың бір шумақ өлеңін айтуда.

Ал, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылының тұрғындары да оқушы кездерінен бастап Мұқағали өлеңдерін жаттауды әдетке айналдырған. Бүгінде олар әр түрлі өмір жолында жүрсе де, ақын жырларын жиі оқып, парасатты поэзияның қайнарына бас қойып тұрады.

Бүгінде қазақ поэзиясының оқырмандары Абайдан соң, Мұқағали есімін жиі атайды. Ақын жырларын жаттау, оқу өмірлерінің бір бөлшегі санайды.