«Жаңартылған конституция – тұрақты даму негізі» тақырыбында сарапшылық форум өтті. Жиын барысында конституциядағы негізгі өзгерістер мен оның оң тұстары талқыланды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Конституция мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғамның құндылықтарын, даму бағытын, билік пен халық арасындағы сенім деңгейін айқындайтын негізгі құжат. Ал, жаңартылған Конституция – кездейсоқ, кеше бүгін қабылданған шешім емес. Бұл елдегі, әлемдегі жағдайларды саралап, талқылап қолға алынған шешім.
Нұрхат Ораш, «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары
Енді осы конституциялық реформа аясында қазір көптеген халықтан ұсыныс түсіп жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес Эльвира Азимова ханым өзінін баяндамасында 4 мыңға жуық ұсыныс түсті деп. Бұның барлығы қарапайым халық елдің арасынан. Бұл жерде қазіргі таңда ашықтық принципі, халықпен санасу принциптері жоғарғы деңгейде. Осыған дейінгі конституция 12 адамның еңбегі. Қазіргі таңда конституциялық реформа жөніндегі кеңестің өзінде 130-ден астам азаматтарымыз бар. Олардың барлығы қарапайым азаматтар емес, артында ұжымдар, адамдар, біздікі секілді партиялар тұр. Бәрі де мұң мұқтаждарын, ұсыныстарын ары қарай жеткізіп жатыр.
Сарапшылық форумға саясаттанушылар, профессорлар, журналистер, заңгерлер, партия мүшелері қатысты. Жиында сөз алып, Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарын, пікірлерін білдірді.
Салтанат Әубәкірова, профессор
Жалпы Конституцияның ұрпақтың алдындағы жауапкершілік. Жаңа жобасын талқылаймыз. Срапшылар пікірлері қосылады, қабыладанады. Ал мында жастар, сол конституциямен қызмет етеді. Өзім ойлаймын.
«Ауыл партиясы» құрамында өңірден 4,5 мыңға жуық азамат бар. Қазақстан бойынша партия мүшелері 300 мыңнан асады.
Нұрхат Ораш, «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары
Бұл жерде енді біз саяси партия болғандықтан өзімізге, саяси жұмысқа қатысты ұсыныс бердік. Оның ішінде бір палаталы режимке көшкенде, қанша депутат болу керек деген секілді ұсыныстарды бердік. Одан бөлек, бюджеттердің бөлінуі қай салаға қалай бөлінуі керек. Оны кімдер қабылдауы тиіс деген секілді дүниелерді.
Қазір ел аумағында жаппай талқылау кезеңі өтіп жатыр. Жаңа Конституция мемлекетіміздің даму жолында жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бағыттар ашады деп сенеміз.
Самал Қалиқызы