Қазір қоғамда жаңа Конституция жобасына енгізілетін заң тармақтары қызу талқылануда. Комиссия мүшелері түскен ұсыныстарды ескеріп халыққа ашық түрде платформаларда жария етті. Әр ұсыныс назарға алынады. Ең бастысы бұл жерде әр пікір қоғамға ашық болғаны маңызды дейді депутат.
Жаңа Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер қазіргі заманның қажеттілігі. Бұны бұқара да түсініп отыр. Еліміздің әр азаматы өз пікірі мен ұсынылатын өзгерісті жеткізе алады. Жалпыхалықтық референдумда халық қолдау білдірсе, негізгі құжаттың 84%-і жаңарады.
Мейрамбек Хызыр, Май аудандық мәслихатының хатшысы
Ата заңымызға қажеттілік туындап арнайы топ кеңес, конституциямыздың жаңа жобасын әзірлеп шықты. Халыққа жарияланды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша көптеген ұсыныстар электронды форматта Е Өтініш, Егов порталдары арқылы берілген. Сонымен қатар қазіргі уақытта қарапайым ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныс пікірлерін қазіргі уақытта талқылау барысында жеткізіп жатыр. Бәрімізге мәлім біздің Ата заңымыз 1993 жылы одан кейін 1995 жылы қабылданды. Қазіргі уақытта заман талабына сай өзгерістер туындағанын ашық айтуымыз керек.
130 адамнан құрылған конституциялық комиссия мүшелері демалысқа қарамай, апта сайын бірнеше отырыс өткізеді. Әр тармақ халық назарында. Ашық. Кез келген адам танысып, оқи алады.
Әйгерім Тоқпанқызы