Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында «Ертіс» футболшылары үшінші бақылау матчын өткізді. Бұл жолы қарсылас ресейлік екінші лиганың «А» дивизионында өнер көрсететін «Ленинградец» клубы болды.
Біздің команда ойынның 20-минутында стандартты жағдайдан кейін гол жіберіп алды. «Ленинградец» ойыншысы павлодарлықтардың қақпасы маңында сәтті ойнады. 71-минутта, тағы да стандартты жағдайдан кейін, «Ертіс» таразы басын теңестірді – Тамерлан Ағиманов мергендік танытты. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Бұған дейін «Ертіс» клубы Өзбекстанның «Насаф» клубынан 1:3 есебімен жеңіліп, ресейлік «Уфа» командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. «Ертіс» тағы бірнеше матч өткізуді жоспарлап отыр: 17 ақпанда ресейлік «Чайка» клубымен, 22 ақпанда грузиялық «Иберия-2» командасымен, 25 ақпанда ресейлік «Балтика-2» командасымен бақылау мачттарын өткізеді. Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде 2026 жылғы премьер-лига маусымының күнтізбесін қалыптастыру рәсімі өтті. Бірінші турда «Ертіс» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасы» командасымен ойнайды, екінші турда Атыраудан келген қонақтарды қабылдайды, ал үшінші турда павлодарлықтар петропавлдық «Қызыл-Жар» клубына қонаққа барады. Чемпионаттың басталуы шамамен 7 наурызға жоспарланған.