Әр жылдың 18 сәуірінде әлем жұртшылығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күні біздің елде де маңызды шаралар қолға алынды. Шарбақты ауданының тұрғындары Ғабдұл-Уахит Хазрет кесенесінің аумағын жинап, қолғабыс етті.
Ғабдұл-Уахит Хазрет кесенесі Павлодар қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан. Қасиетті мекенге әр жерден зиярат етуге жыл сайын мыңдаған адам келеді. Кесененің орналасқан жері табиғаттың саясында, сондықтан келушілер саны аз емес. Сол себепті аумақты таза ұстау, құрмет көрсету – осы жердің жастарының парызы десек болады.
Арсен Бекболат, Жылыбұлақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бүгін біз халықаралық ескерткіштерді қорғау күнін атап өтеміз. Өткенсіз болашақ жоқ демекші, болашақ ұрпаққа же өткізу деп есептейміз. «Адал жүрек» еріктілер клубы келді. Болашақ ұрпаққа жеткізу бұл біздің басты міндетіміз.
Сенбілік Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде өтті. Оған Шарбақты ауданының жастары, мұғалімдер, еріктілер қатысты.
Айман Серікханқызы, А. Құнанбаев атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Халықаралық ескерткіштер және тарихи орындар күні аясында сондай-ақ, Таза Қазақстан акциясы шеңберінде Хабдұд Уахит хазрет аумағын келдік. Мен біздің команда туған жерге сүйіскепшілік ретінде сенбілікке қатысып жатырмыз. Таза Қазақстан бұл жай ғана сенбілік емес, сенбілікті, ттұрақтылықты айналаны таза ұстау акциясы ретінде есептеуіміз қажет. Айнала таза болса, ойың да, санаң да тазарады. Бізге қосылыңыздар.
Экологиялық шара аясында кесененің аумағы қоқыстан тазартылды. Ағаштардың түптері, жолжиектері әктелді. Қыстан қалған ескі шөп пен ағаштар кесілді.
Ләйлә Иманғазинова, «Қаһарман жастар орталығы» ресурстық орталығының басшысы
Біздің орталыққа 150 адам кіреді. Бүгін 40 адам ниет білдіріп, сенбілікке келіп отыр. Бұдан бөлек, акцияға жергілікті тұрғындар да қатысып жатыр. Осы біздің орталыққа енетін «Адал жүрек» волонтерлік қозғалысы экологиялық бағытта жұмыс істейді.
Алма Қозыбаева, Павлодар облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар азаматтық одағының төрағасы
Бұл өте ерекше жер. Себебі Ғабдұл хазрет өзі қасиетті адам, сондықтан бұл аумаққа қаншама жан келеді, күш алады. Сондықтан бұл жердің таза болғаны өте маңызды. Әсіресе жастардың сенбілікке қатысқаны дұрыс.
Сенбілік аясында Ғабдұл-Уахит Хазрет кесенесінің маңы қалыпқа келтірілді. Шараның мақсаты – дәстүр сабақтастығын жалғастыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Самал Қалиқызы