Қазақ елі тағы бір ұлы перзентінен айырылды. 19-сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден өтті. Ол саналы ғұмырын қазақ поэзиясына, ұлттың болашағын жолындағы күрес жолына арнады.

Ол Отырардың перзенті. Қазақтың ақыны. Шығармашылық жолы соншалықты, таза кіршіксіз көңілден туған лирикадан басталды.

 «Танакөз», «Ғашықтық ғаламаты» поэмалары, «Шың басындағы оқиға» балладасы адамзат баласына тән алғашқы балғын махаббатқа қойлыған мәңгі есркеткіш. Ақынның жолы тек жырлаудан тұрған жоқ. Ұлтының болашағына деген алаңнан, сол алаңнан туған күрестен де тұрды. Наурыз мейрамын қайтару, желтоқсан шындығын ашу, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейдегі мәртебесі жолындағы күрестің алдыңғы шебінде арыстан жүректі ақын Мұхтар Шаханов жүрді.

Еламан Қабділәшім, ақын

Мен Мұхтар атамды сыртынан 2-3 рет көрдім. Алматыдағы студенттік жылдарымда Мұхтар Шаханов қатысқан жиындарда болдым. Халық көп жиналатын. Заңлдың бұрышында тұрып, өлең оқығанына, әңгіме айтқанына куә болған едім. Мен үшін үлкен бір ескірмес естелік, 2012 жылы Алматыдағы бір топ жастың өлеңі «Жалын» журналына жарияланды. Сол біздің өлеңдерге Мұхтар атамыз алғысөз жазып, оқырманға ұсынды. Бұның өзі біз үшін біздің буын үшін мәртебе, баянды бақ деп білемін.

Халқын әнмен де әлдиледі. «Жұбайлар жыры», «туған күн кешінде» сияқты әндері жұртшылыққа ең тарады. Көп өлеңдеріне Шәмші Қалдақов, Нұрғиса Тілендиев сияқты ұлы композиторлар ән жазды. Қазақ қана емес, тұтас түркі дүниесінің ақыны атанған Отырар перзенті 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.