«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Ақсу қаласында волейболдан мектеп командалары арасында турнир өтті. Жалпы 7 команда бақтарын сынап, көрерменге ерекше ойын көрсетті.
Ақсу қаласындағы «Арлан арена» спорт кешені қызу тартысқа куә болды. Қалалық және ауылдық мектептердің волейбол командалары ортаға шығып, бар өнерлерін ортаға салды. Қатысушы қыздар үшін дәл осындай жарыстар мол тәжірибе алатын алаң.
Жадыра Сейілғазы, Ақсу қаласы №2 ЖОББ мектебінің оқушысы
Қазір ойнайтын командам өте жақсы дайындалды. Бір бірімізді қолджай аламыз. Бүгінгі турнир тартысты болатын сияқты менің ойымша. Менің волейболды таңдаған себебім менің құрбыларым, себебі мен шақырды, қызықтым, қызығып қарай бастадым. Мен өзім 4 жылдай қатысамын волейболға.
Айнұр Балтабай, Ақсу қаласы Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы
Мен волейболға 5 жыл қатысамын. Волейболға қатты қызықтым. Артымда сестренкаларым да қатысып келе жатыр.
Жарысты Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Кенжекөл жастары» ұйымы бірлесіп өткізді. Негізгі мақсат – жастар арасында «Заң және тәртіпті» сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.
Камила Құрман, Ақсу қаласы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры
Аталмыш турнирді біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Кенжекөл жастары» ұйымымен бірлесіп, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізбекшіміз. Шараға жастар тартылған, яғни оқушылар. Бұл бастамасы ғана, жарыс жалғасып, кубок келесі қатысушыларға табысталып отырады.
Турнирге Ақсу қаласы мен ауылдық аймағынан 7 команда қатысты. Волейболшы қыздардың ойыны бірінен бірі асып түсті.
Қуанышбек Түсіпов, бас төреші
Қазіргі волейболды біз ішкі саясат бөлімімен дайындалып өткізіп жатырмыз. Қыздар арасында бұл жарыстардың кішкене деңгейі түсіп қалды. Соны көтеру мақсатында осындай жарыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Бұл турнирді жылдан жылға өткіземіз деген ойда бар.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар, кубок және спорт инвентарьлары табысталды.
Самал Қалиқызы