Павлодарда Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған волейбол турнирі өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 12 команда қатысты. Турнирдің мақсаты – батырлардың рухына тағзым етіп, жас ұрпаққа олардың ерлігін үлгі ету.

Бұл спорттық шара жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сайысқа қатысушылар саны да артып келеді. Бұл – жастардың спортқа деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Мұндай турнирлер тек жарыс қана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын маңызды алаң.

Төлеген Қоқымбаев, Павлодар облысы «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ төрағасының орынбасары

Дәстүрлі жылдағы турнир волейболдан өтіп жатыр. Борышты өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған турнир. Қайтқан ардагерлерімізге тағзым көрсетеміз. Жасөспірімдерге ерлік бұл. Осындай турнир жылда бола берсін. 6 ер адам командалар және 6 әйел адамдар командасы қатысты. Оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жалғыз волейболдан емес, баскетболдан да өткіземіз. Футбол, бокс, күрестен өтеді сайыстар.

Турнирге қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келген. Жарысқа тек қала командалары ғана емес, ауыл-аймақтардан да қатысушылар жиналған. Мәселен, Успен ауданынан келген команда бұл турнирге жыл сайын тұрақты түрде қатысып келеді.

Индира Тойкенова, қатысушы

Бізді осы турнирге шақырды. Әрине, қуана келістік. Волейбол ойнағанды жақсы көреміз, қатысуға деген ниет бар. Мен өзім бұл спортпен шамамен 5 жылдан бері айналысамын. Осындай форматтағы турнирге екінші рет қатысып отырмын. Қарсыластар өте мықты. Кейбірімен бұрын да кездескенбіз. Волейболға деген қызығушылығым мектеп кезінен басталды.

Мұндай жарыстар – өткенге тағзым, бүгінге серпін. Батырларды еске алу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беріліп, салауатты өмір салты насихатталады.

Сабина Жолдаспаева