Павлодарлық ардагерлер хоры Омбы қаласында өткен халықаралық байқаудың лауреаты атанып, өздерінің жоғары шеберлік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұжым бұған дейін де белсенді шығармашылық қызметімен танылған. Қала мен облыс көлеміндегі іс-шаралардың тұрақты қатысушысы.

2019 жылы қалалық ардагерлер кеңесінің базасында хор құрылып, содан бері өңірдің мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Бүгінде оның құрамында түрлі мамандық иелері мен әртүрлі жастағы шамамен 40 адам бар, оларды хор өнеріне деген шынайы сүйіспеншілік біріктіреді. Облыс мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін хор бірнеше рет құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған.

Тамара Дорошенко, «Ертіс әуендері» хорының жетекшісі

2024 жылы хор «халықтық» атағын алды. Бұл – белсенді концерттік қызметі мен жоғары орындаушылық шеберлігі үшін берілді. Хор көп дайындалады, бізде аптасына екі рет репетициялар өтеді. Жақында екі айдың ішінде екі халықаралық байқаудың лауреаты атандық. Алғаш рет Астанада өткен халықаралық байқауда ең жоғары марапат – гран-при иелендік. Ал енді Омбыда өткен халықаралық байқауда да лауреат атандық.

Олардың шығармашылығы адамдарды біріктіріп, шынайы эмоциялар сыйлайды, шекаралар мен қашықтықтарды еңсереді. Ардагерлер кеңесінің қызметі – дәстүрді сақтай отырып, қоғамға пайдалы болып, белсенді әрі мәнді өмір сүрудің жарқын үлгісі.

Дильназ Қуанышбекқызы