Павлодар облысының полиция депаратменті Ішкі істер мекемесінде қызмет етуге ниетті кадрлерді іріктеуде. Іріктеу «Qyzmet-police.kz» сайты да іске қосылған.

«Qyzmet-police.kz» сайтында үміткердің онлайн түрде қызметке қабылдануының барлық кезеңдері қамтылады. Үміткерлер осы сайт арқылы алдымен өтініш берулері керек. Сосын әскери-дәрігерлік комиссиядан өтеді. Сосын полиграфологиялық зерттеу және конкурстық комиссиядан өтуі тиіс.

Жандос Орумбаев, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары

2025 жылдың қорытындысы бойынша 4 конкурстық комиссия өткізілді. Олардың нәтижесінде 206 тағылымдамашы тағайындалды. Павлодар облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және полиция қызметіне жарамды деп танылған, жасы отыз бестен аспаған жас азаматтарды қызметке қабылдайды.

Қазіргі уақытта жастарды қызметке қабылдау тәртібі туралы ақпараттандыру әр түрлі алаңдарда белсенді жүруде. Сонымен қатар облыстың ЖОО мен колледж түлектері үшін бірнеше рет ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Жандос Орумбаев, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары

Сонымен қатар Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен босатылатын азаматтармен қызметке орналасу мәселесі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіби ядроны сақтау мақсатында ЖОО мен меморандум жасалып, оның аясында «Жас заңгер» заң клубы құрылды. «Жас заңгер» клубы аясында құқықтану кафедрасының студенттері тергеушілер мен криминалистердің жұмыс дағдыларын меңгеріп, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Трудоустроиства.

Спикер полиция қызметкерлерінің айлық-жалақысына да тоқталды. Мәселен, қызметін жаңадан бастаған учаскелік полицейдің алғашқы жылғы жалақасы 278 теңге көлемінде болады. Жедел қызметкер, тергеуші, криминалист, батальон қызметінің инспекторының айлығы 189 мың теңгеден басталады. Ал арнайы жасақ инспекторы алғашқы жылы 300 теңгеден бастап алады. Одан бөлек, полиция қызметкерлерінің барлығы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда ай сайын қосымша 68 886 теңге баспана төлемін алады.