Павлодар қаласында 11-18 ақпан аралығында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан ҚР жекелей чемпионаты өтеді. Додаға еліміздің барлық өңірінен ең мықты спортшылар жиналды. Бүгін жарыстың ашылу салтанаты өтіп, алғашқы кезең басталды.

Бұл турнир ұлттық зияткерлік спортты дамытуда маңызды кезең саналады. Сондай-ақ, еліміздің үздік тоғызқұмалақ шеберлерін анықтау алаңы болып табылады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Чемпионатқа еліміздің 20 өңірінен 143 қатысушы келді.

Арыстан Қапаев, Павлодар облыстық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті

Солардың аралардында 6 еңбек сіңірген ойынша бар. 40-тан астам халықаралық спрт шебері, 54 спорт шебері және спорт шеберіне үміткер. 14 бірінші разрядтар. Жарыс үлкен деңгейде өтіп жатыр. 14 жастан 30-50 жасқа дейінгі қатысушылар бар. Жасқа қарамайды, тек кішкентай балаларға шектеу жасалған.

Республикалық кезеңге ең мықты ойыншылар жиналды. Қатысушылардың қатарында түрлі деңгейде яғни, халықаралық және ұлттық жарыстарда топ жарған шеберлер бар. Әрқайсысы көпжылдық тәжірибесіне сүйеніп, жоғары дайындықпен келген.

Аружан Салман, қатысушы

Мен 2003 жылғымен. Алғаш рет 2013 жылы келдім тоғызқұмалаққа. Есептеп қарасам 14 жыл болды қатысқаныма. Чемпион атандым. Қазір халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Менің жалпы тоғызқұмаллақа алғысым шексіз. Ойлау жүйеңіз басқа балаларға қарағанда артық болады.

Жарыс 18 ақпанға дейін жалғасады. Ойын нәтижесі бойынша 1 және 2 орын алған қатысушылар әлем чемпионатына жолдама алады. Ал, 3-6 орын алғандар көшпенділер ойынына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сабина Жолдасмпаева