Елімізде 15 наурызда жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум өтеді. Қазіргі уақытта ұсынылған жоба қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Осыған орай өңір сарапшылары да өз пікірлерін білдіріп, құжаттың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтуде. Жаңа конституция жобасының маңызды тұстары қандай?

Алғаш қарағанда жаңартулар құрғақ заңдық тұжырымдар сияқты көрінуі мүмкін. Алайда олардың негізінде еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын айқындайтын құндылықтар мен қағидаттар жатыр. Бұл негіздер мемлекеттің одан әрі дамуына және азаматтардың бірлігін нығайтуға көзделген.

Надежда Кубик, Павлодар облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары

Бізге үлкен мәртебе, бәлкім үлкен мүмкіндік бұйырды. Біз еліміздің жаңа Конституция жобасын қарастыру үдерісі жүріп жатқан маңызды тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан Республикасының Негізгі заңының жаңа редакциясында мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қатысты негізгі қағидаттар мен құндылықтар – аумақтық тұтастық пен егемендік – айқын көрініс тапқанын атап өткім келеді. Бұл, әрине, еліміздің алдағы уақытта да тәуелсіз дамуының кепілі.

Азаматтардың құқықтары, зияткерлік меншікті қорғау, ғылымды, білім мен мәдениетті дамыту, сондай-ақ құқықтық қорғау тетіктерін күшейту сынды мәселелер назарда. Сарапшылардың айтуынша, Конституция жобасын талқылау тек заңдық үдеріс қана емес, сонымен қатар қоғамның өз ұстанымын білдіріп, ұсыныстар енгізуіне және әрбір қазақстандықтың өміріне әсер ететін заңдарды қалыптастыруға дайындалуына мүмкіндік береді.

Надежда Кубик, Павлодар облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары

 «Жаңа Конституция жобасындағы маңызды тұстардың бірі онда мемлекетіміз ұстанатын негізгі дәстүрлі құндылықтардың айқындалуы. Бүгінгі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде бұл тұрақтылықтың және дұрыс дамудың кепілі болмақ деп ойлаймын. Сонымен қатар, жаңа Конституцияның барлық заманауи талаптарға сай келуі де тарихи маңызы бар қадам»

 Әр азаматтың қатысуы маңызды. Себебі жаңа Конституция ел болашағын айқындайтын әрі әркімнің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін негізгі құжат.

Дильназ Қуанышбекқызы