Жаңа Конституция жобасында неке институтына да айрықша мән берілген. Ер мен әйелдің тең құқылы ерікті одағы екендігі айқын жазылған. Бұл дәстүрлі отбасы құндылығын сақтау жолындағы жоғары деңгейдегі шешім ретінде бағалануда.

Адамзат отбасы болып ғұмырын жалғастырып, ұрпақ әкеледі. Ал, жаңа Конституцияда арнайы бап жазылып, айрықша мән беріліп отыр. Бұл отбасын ғана емес, тұтас қоғамның отбасы құндылығын еркін қорғай алуына, әйел құқығын қорғауға жол ашады дейді Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Айғожина.

Нұргүл Айғожина, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Өздеріңіз білетіндей Конституцияға өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл бойынша 15-наурыз күні жалпыхалықтық референдум өтетіні де айтылды. Бұл жобада отбасы құндылығына айрықша мән берілгендігін айта кету керек. Онда ер мен әйел бостандығын сақтай отырып, ерікті одақ құратындығы жазылды. 15 жылдан бері некедегі, 3 баланың анасы ретінде бұл өзгерісті құптаймын.