Биылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша Республикалық Референдум өтеді. Онда «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Павлодар қалалық мәслихатының, қоғамдық кеңесінің және Аманат партиясының жетекшілері сервис және тамақтандыру колледжінің студенттеріне жаңа Конституцияның жобасын таныстырды. Ата заңның алғышарттарын түсіндіріп, құндылықтарына тоқталды.
Конституция – елдің дамуын, болашағын айқындайтын қастерлі құжат. Тәуелсіз Қазақстан тарихында үшінші рет қабылдағалы отыр. Халық талқысына ұсынған жаңа жобада көптеген өзгерістер айқындалып, нақты принциптер ұсынылған.
Мемлекетті басқаруда бұл құжаттың қандай маңызға ие екендігін айтты.
Игорь Веретнов, Павлодар қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы
Алдымен Конституцияның не үшін керектігін түсініп алсақ. Мемлекет те тірі организм сияқты. Даму сатылары бар. Сол дамуы барысында жаңа заңдар мен ережелерге сұраныс туады. Мәселен, сіздердің мамандық бойынша оқу бағыттары мен ережелері, бағдарламасы бар. Егер ол болмаса оқуларыңыздан мән кетіп, хаос туады. Қоғамдық реттеу үшін Констиуция сияқты негізгі бағытты айқындайтын құжат керек. Осы арқылы біз алға басып, дамимыз.
Сөз орайында қонақтар студенттерге 15-наурыз күні жалпыхалықтық референдумға келіп таңдау жасауға шақырды. Дәл осы күні Конституцияның жаңа жобасы жалпыхалықтық таңдауға ұсынылады. Егер жұртшылық құп көрген жағдайда, ол бекітіліп өзінің тарихы миссиясын бастайды.