Өткен аптада орын алған ауа райының қолайсыздығы құтқарушылар мен коммуналдық қызметтерді әбігерге салды. Көктемнің басында солтүстік-батыс циклонының екпіні қатты болды. Ақ түтек боран соғып, толассыз қар жауды. Қарлы дауылдың зарбын жою мақсатында облыс әкімінің бастамасымен өңірлік комиссия құрылды. Онда су тасқынына қарсы жұмыстары күшейту жайы да талқыланды.
Өңірде екпінді желдің күшінен 175 авариялық электр қуатының өшуі тіркелді. 96 елді мекенде жарық, өшіп қалпына келтірілді. Оны жөндеу жұмыстарына 43 авариялық бригада мен 100-ден астам маман тартылды. Зақымдардың 60%-тан астамы бір тәулік ішінде жойылды. Табиғаттың тосын жайының зардабы Екібастұз бен Ақсу қалаларында көп тіркелді.
Болатбек Шәріпов, Ақсу қаласының әкімі
Қазір 32 нысанда комиссия жұмыс жасауда. Қамзин ауылдық округіндегі Қызылжар, Ребровка және Қаракөл елді мекендері зардап шекті. Авариялық бригада сол жерлерде қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.
Бұндай жағдай Баянауыл ауданында да тіркелді. Жарық өшіп, ғимараттар зақымданды. Бірнеше үйде су құбыры қатты.
Өңірде 58 ауыл су тасқыны қаупі аймағында. Қазір 196 мың тоннадан астам қар шығарылды. Бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі. ТЖД басшысы Рүстембек Әмрін айтуынша қар қоры Ақтоғай мен Шарбақты аудандарында мол дейді. Болжам бойынша, тасқынның белсенді кезеңі наурыздың 20-шы күндері басталады.
Рүстембек Әмрин, Павлодар облысы ТЖД бастығы
Ақтоғай және Щербакты аудандарында 10–20 см-ге жетті. Болжам бойынша, ауа райы тұрақты жылы болмақ. Сондықтан қар қыртысының еруі қарқынды болуы мүмкін.... более интенсивно.
Қауіпті аймақтар да анықталды. Бұл ауылдар үнемі бақылауда.
Рүстембек Әмрин, Павлодар облысы ТЖД бастығы
Қауіп аймаққа Ақтоғай ауданының Жалаулы, Жолболды, ШҰға , Шілікті елді мекендері; Железин ауданының Железинка, Башмачное, Весёлая Роща, Ертіс ауданының Ұзынсу, Панфилов, Тоқта ауылдары; Павлодар ауданының Розовка, Рождественка, Ефремовка елді мекендері; Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдары кіреді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бақылауға алңызыдра су өтетін құбырлардың бәрі таза болуы керек. Енді көктемге дайындаламыз әрине, бұл дайындықтың бір бөлігі ғой. Су өтетін құбырларды тазалау бақылап шығыңыздар ауыл әкімдерімен бірлесіп. Қарды шығару керек. Енді бұл түсінікті нәрсе. Бәре де белгілі жұмыс.
Облыс әкімі Асайын Байханов жауаптыларға бірлесіп бақылауға алуды тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы