Дильназ Қуанышбекқызы, тілші

Біз дәл қазір Павлодар облыстық перинаталдық орталығында орналасқан №595 жабық сайлау учаскесіндеміз. Мұнда ем қабылдап жатқан әйелдер және босанған аналар өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды. Жалпы бұл учаскіде 50ге жуық азамат өз дауысын беруге тіркелген.

Бүгін мұнда перинаталдық орталықта жатқан аналар ел үшін маңызды шарадан тыс қалмады. Дауыс беруге келгендердің арасында бірнеше күн бұрын ғана сәбиін дүниеге әкелген жас аналарда бар. Солардың бірі Ботанай Салмакова.

Ботанай Салмақова, Павлодар қаласының тұрғыны

10-шы наурызда осы перинаталдық орталықта екінші қызымды дүниеге әкелдім. Осы бүгінгі болып жатқан референдумды пернинаталдық орталықта қарсы алып жатырмын. Сондықтанда өзімнің таңдауымды азаматтық парымыз ретінде балаларымның болашығына үлес қосу үшін осы референдумға қатысып дауыс беруге шештім.

Учаске медициналық мекемеде жатқан азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету үшін арнайы ұйымдастырылған. Мұнда тіркелгендердің барлығы перинаталдық орталық пациенттері.

Темірбиға Наскенова, №595 жабық референдум учаскесінің төрағасы

Олардың ішінде жүкті әйелдер мен босанған аналар бар. Қазіргі уақытта барлығы дауыс беріп үлгерді. Учаскеде түрлі ұйымдардың өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Дауыс беру заң талаптарына сай өтті.

Жалпы өңірдегі мұндай жабық учаскелерде медициналық мекемелерде жатқан азаматтарға дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Дильназ Қуанышбекқызы