Референдум учаскесінің ашылуы дәстүрлі түрде әнұраннан басталды. Павлодар қаласында бұл күні 140 учаскі жұмыс жасаса, ең жаңасы осы №596-шы учаскі.

Самал Қалиқызы, тілші

Бұл №596 референдум учаскесі. Павлодар қаласындағы Достық шағын ауданындағы №48 мектепте орналасқан. Сайлаушылардың жалпы саны 2 мыңға жуық. Яғни осы аумақта тіркелген азаматтар осында келіп өз таңдауың жасай алады.

Таңнан келіп, өз таңдауын жасағандардың бірі - Асиля Нұртазинова. Жасы енді 18-ге толыпты.

Асиля Нұртазинова, Павлодар қаласының тұрғыны

Мен бірінші рет референдумға қатысып тұрмын. Жасым енді 18-ге толды. Бұл жаңа учаскі екен. Менің ойымша, Қазақстанның әр азаматының дауысы бұл күні маңызды. Бірінші келіп қатысқаным үшін сыйлық та алдым.

Референдум барысын бақылаушылар да қадағалап отыр. Жалпы осы аумаққа 1998 адам тіркелген.

Райхан Шаймарданқызы, Павлодар қаласының тұрғыны

Бүгін енді еліміз үшін маңызды күн. Осы жерде тұрамын. Осы участокка келдім. Осы мектепке келдім, мектеп жаңа болғасын. Мен өзім келіп, өз таңдауымды жасадым.

Қапар Құсайынов, Павлодар қаласының тұрғыны

Осы Ладожская 5 те тұрамын. Бүгінгі дауыс беру, халық үшін ел үшін керек нәрсе. Сондықтан дауыс бердік.

Жаңа ашылған референдум учаскесінде азаматтарға барлық жағдай жасалған. Әсіресе мүгедектігі бар сайлаушылар үшін керек жарақ түгел қарастырылған.

Айнұр Бекбаева, №596 референдум учаскесінің комиссия төрағасы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған. Кіреберіс есіктен бастап, мына жерде тактильді жолақтар орнатылған. Онымен қоса, компьютер қойылған. Компьютердің ішінде керекті референдумға қатысты ақпараттарды ала алады. арнайы электрондық нұсқасын компьютерге жүктеп қойдық. Онымен қоса, 12 ге дейін үйден дауыс беретіндер бойынша өтініштер түсіп жатыр. Жалпы бүгінгі күні 7 өтініш жинап алдық.

Жалпы, №596 референдум учаскесінің таңдаушылары азаматтық белсенділік танытты.

Самал Қалиқызы